Қазақстандық әншілер Әлішер Кәрімов пен Amre лақап атымен танымал Ернар Садырбаев ресейлік «Голос» шоуының финалына өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Дима Биланның командасындағы душанбелік Ильхом Тагиров пен қазақстандық әнді Ернар Садырбаев финалға өту үшін бақ сынады. Олардың тәлімгері 24 желтоқсанда 40 жасын атап өтті.
Сахнада Ернар Садырбаев «Подбери музыку» композициясын орындады (мәтіні – Андрей Вознесенский, композитор – Раймондс Паулс).
«Ернар, мен мұндау дауысты көптен бері естімеппін. Әдетте осындай биік ноталарды алған кезде бойымды қорқыныш билейді. Қазір бірдеңе болып қалатындай сезімде болам. Бірақ неге екені белгісіз, сізді тыңдаған кезде сіз үшін уайымдамаймын. Өйткені бұл сіздің қолыңыздан келеді», - деді Пелагея.
Ән айтып болғаннан кейін Дима Билан Ернар Садырбаевқа 60%, Ильхом Тагировқа 40% дауыс берді.
Көрермендер дауыс бергеннен кейін Ернар Садырбаев жалпы саны 128,5% дауыс жинап, финалға өтті. Тагиров – 71,5% дауыс жинады.
Ал Әлішер Кәрімов финалға өту үшін ресейлік Татьяна Качуринамен қарсыласты. 2021 жылы 28 қарашада Александр Градский қайтыс болғаннан кейін олардың командасы тәлімгерсіз қалды.
Әлішер Кәрімов «Я тебя никогда не забуду» әнін орындады (сөзі – Андрей Вознесенский, композитор – Алексей Рыбников).