×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

«Түсініксіз жайттар көп»: адвокат мүгедек жігіттің зорлануына қатысты тағы бір мәлімдеме жасады

«Түсініксіз жайттар көп»: адвокат мүгедек жігіттің зорлануына қатысты тағы бір мәлімдеме жасады
life.ru

Күні кеше адвокат Ажар Әбділ Ақтауда бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастағы жігіт ұрланып, зорланғанын мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, бұл істе көптеген түсініксіз жайттар бар. Қорғаушы құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, жан-жақты тергеу жүргізеді деп үміттенетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жәбірленуші тарап – ұрлап әкетіп, зорлық көрген 18 жастағы мүгедек жігіттің адвокаты Ажар Әбділ кезекті мәлімдеме жасап, оқиғаның кейбір мән-жайын баяндады.

- 28 желтоқсанға қараған түні, шамамен 02:00-де, жәбірленушінің анасының айтуынша, ол полицияға барып, қылмыс туралы арыз жазбақ болған. Алайда оның арызы қабылданбаған. Ол ұлымен бірге үйіне қайтып келеді. Кейін, шамамен 04:00-де, оны полиция тергеуге алып кетеді. Дегенмен жәбірленушінің проктолог маманнан тексеруден өтуі тек 2025 жылғы 2 қаңтарда, яғни зорлықтан бес күн өткеннен кейін ғана жүргізілген. Мұндай маңызды жайттарға қалайша осыншалық немқұрайды, жауапсыз қарауға болады?

Мен полиция бұл мәселеге түсініктеме беріп, жан-жақты тергеу жүргізеді деп шын жүректен сенгім келеді Жәбірленушінің анасында бірде-бір процессуалдық құжат жоқ. Біз бұл істің қалай жүріп жатқаны туралы мүлдем бейхабармыз. Полиция департаменті барлық сараптама тағайындалды деп түсініктеме беріп жатыр, бірақ жәбірленушіге қатысты сот-психологиялық сараптама әлі жүргізілген жоқ. Бұл стандартты процедура ғой. Кез келген курсант жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасалған жағдайда сот-психологиялық сараптама тағайындау міндетті екенін жатқа біледі. Бұл іс бойынша көптеген түсініксіз жайттар бар, дейді Ажар Әбділ әлеуметтік желідегі парақшасында. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Адвокат Facebook парақшасында былтыр 27 желтоқсанда Ақтау қаласының орталығынан мүмкіндігі шектеулі 18 жастағы жігіттің ұрланғанын, кейіннен зорланғанын жазды. Жәбірленушінің анасы бірден қалалық полиция басқармасына арыз берген, алайда тергеу жұмыстары жылжымай жатқан көрінеді.

Адвокаттың айтуынша, арыз түскеніне қарамастан, полиция әлі күнге дейін бейнебақылау камераларындағы жазбаларды алмаған және қажет сараптамаларды тағайындамаған.

- Қажет сараптамалар әлі де тағайындалған жоқ. Бейнебақылау камераларының жазбалары алынбаған. Онда қала орталығында ақ түсті жол талғамайтын көлік (джип) мүгедек адамды алып кетіп жатқаны анық көрінеді. Бұл көліктің қозғалыс бағытын анықтау қиын емес, – деді адвокат.

Ол Ақтау қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановқа бұл істі жеке бақылауына алуды сұрап, үндеу жасады. Сондай-ақ, адвокат қылмыс жасалған уақыттан бері маңызды тергеу әрекеттерінің жүргізілмегеніне наразы.