Қазақстандықтар 2025 жылдың наурыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НАУРЫЗДА ҚАНША ДЕМАЛЫС КҮНІ БАР
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар – 14 күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 10 демалыс күні бар.
2025 жылдың наурызында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21–23 наурыз – Наурыз мейрамы.
Демалыс күндері сенбіге түсетіндіктен ел тұрғындарына қосымша демалыс күні беріледі.
8 НАУРЫЗДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ
Халықаралық әйелдер күні сенбіге түседі. Сондықтан демалыс 10 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады.
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЛАЙ ДЕМАЛАМЫЗ
2025 жылы мерекелік күндер жұма, сенбі және жексенбіге түседі. Осыған байланысты демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі мен сейсенбіге) ауыстырылады.