×
485.82
554.03
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.82
554.03
6.24

Астана күні 10 күн тойланады

Бүгін, 10:23
Астана күні 10 күн тойланады
Фото: gov.kz

Астана күніне орай елордада 2-11 шілде аралығында 200-ден астам мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Астана әкімдігі хабарлағандай, мерекелік бағдарлама аясында ашық аспан астындағы концерттер, фестивальдер, театр қойылымдары, спорттық жарыстар, балаларға арналған ойын-сауық шаралары мен отбасылық іс-шаралар ұйымдастырылады.

2 шілдеде ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталып, «Taza Fest Astana» экологиялық фестивалі және Есіл өзеніндегі Ұлттық ұлан оркестрінің концерті өтеді.

3 шілдеде жастар фестивалі, фотокөрме, балалар фестивалі мен домбыра концерті ұйымдастырылады. Сондай-ақ осы күндері «ALEM» пластикалық спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартады.

4-6 шілде аралығында қалада цирк бағдарламасы, «Мерекелік саябақ» фестивалі, балалар жарыстары мен көше спорты фестивалі өтеді.

5 шілдеде «Асыл мұра» концерті, Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бағдарлама, көше театрлары фестивалі және бұқаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылады.

Астана күні – 6 шілдеде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, «Толағай» алыптар сайысы, тұрғын алаптардағы концерттер және «Қазақ елі» монументі мен «Астана Арена» маңындағы Open Air концерттері өтеді.

7-11 шілде аралығында «Жайдарман» фестивалі, әдеби кештер, концерттер, «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және «BaiQymyz» халықаралық гастрономиялық фестивалі жоспарланған.

Бұдан бөлек, мереке қарсаңында елордада 25-тен астам жаңа аула мен қоғамдық кеңістік ашылып, Индустриялық паркте жаңа өндіріс орындары іске қосылады.