×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Трамп Ресейді қайтадан «Үлкен жетілікке» оралғанын қалайтынын мәлімдеді

14.02.2025, 08:32
Трамп Ресейді қайтадан «Үлкен жетілікке» оралғанын қалайтынын мәлімдеді
ашық дереккөзден

Ресей 2014 жылға дейін «Үлкен сегіздіктің» құрамында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТРАМП НЕ ДЕЙДІ

Бейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің G7-ге оралғанын қалайтынын айтып, Мәскеуді бұл қатардан алып тастау қате екенін айтты.

Ресей 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін басып алған соң бұл қатардан шығып қалған.

Мен олардың қайтып оралғанын қалаймын. Менің ойымша, оларды қуып шығару қателік болды. Қараңызшы, бұл Ресейге деген жанашырлық немесе ұнатпау мәселесі емес. Бұл G8, - деді Трамп Ақ үйде.

Мен “сіздер не істеп жатырсыздар? Сіздер айтып жатқанның бәрі Ресеймен байланысты және олар да осы үстелге отыруы керек. Менің ойымша, Путин қайтып оралса қуанар еді" деп қосты АҚШ президенті.

Биыл G7-ді басқаратын Канада Трамптың пікіріне жауап бермеді.

ТРАМП ПУТИНМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Күні кеше Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ президенті Дональд Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесетінін айтқан еді. Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде Украинадағы соғысты аяқтауға ниетті екенін бірнеше рет атап өткен.

Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен де телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Украина президентінің кеңсесі хабарлады. Украина президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвиннің айтуынша, Зеленский мен Трамптың әңгімесі шамамен бір сағатқа созылған.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Мемлекет басшысы өңір жастарымен жүздескен сәтінде Украинадағы жағдай жөнінде пікір білдірген. “Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деп айттық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды. Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл – жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді” дейді ол.