×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Тәліптер көлікте музыка тыңдауға тыйым салды

26.12.2021, 11:12
Фото: ашық дереккөз

«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) көлікте музыка тыңдауға және әйелдерді хиджабсыз алып жүруге тыйым салды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Kabul News-тің Twitter парақшасында жазылды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл нұсқау жазбаша түрде бар, оның ережелері жүргізушілер назарына жеткізілді. Сонымен қатар, енді әйелдерді хиджабсыз көлікте тасымалдауға тыйым салынды.

Бұған дейін тәліптер әйелдер министрлігін жойып, тойларда жанды музыкаға тыйым салған болатын. Мысалы, солтүстік-шығыстағы Бадахшан провинциясында музыка тыңдауға, темекі шегуге, намаз кестесін сақтамауға, қонақүйлер мен мейрамханаларда ерлер мен әйелдердің бірге уақыт өткізуіне қатаң тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары