×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Тамара Дүйсенова Ақордаға қызметке оралды

14.02.2025, 14:49
Тамара Дүйсенова Ақордаға қызметке оралды
Ulysmedia коллажы

Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРЛЫҚ

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген хабарламада. 

ДҮЙСЕНОВА ТУРАЛЫ

Тамара Дүйсенова 1965 жылы ҚазКСР Шымкент облысында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.  Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады.

КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТТЕРІ

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы президентінің штаттан тыс кеңесшісі.

2020-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 8 маусымнан бастап — ҚР премьер-министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болды.