×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Шекара жабылды: Ауғанстандық босқындар Иранға ағылып жатыр

26.12.2021, 13:23
Фото: ашық дереккөз

Иран Ауғанстандағы жағдайға Талибан билікті басып алғаннан кейін мигранттардың жаппай ағынына байланысты Босқындар ісі жөнінде басқарма құрғысы келеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Миллиондаған мигранттардың мәселесін шешетін ұйым құру үкіметтің күн тәртібінде тұр», - деді Иран президенті Ибрахим Раиси.

gazeta.ru-дың мәліметінше, БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың басынан бері Иранға 500 мыңнан астам босқын келген.

Сонымен бірге, Ирандағы Ауғанстаннан келген босқындардың жалпы саны 2,2 миллион заңсыз иммигранттар мен елде тұрақты тұратын 780 мыңға жуық адам деп бағаланады.

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди босқындар ағынымен күресу үшін Иранды көмекке шақырды. Бұған дейін Польша президенті Ресей арқылы құрлық көші-қон жолы пайда болатынын ескерткен болатын.

tatar-inform.ru-дың мәліметінше,  Иран басқа елдермен құрлық шекарасын 15 күнге жапты. Қабылданған шараның себебі – Covid-19 омикрондық штаммының таралу қаупі. Бұл туралы елдің кеден өкілі Сейед Рухолла Латифи хабарлады. Сарапшылар енді босқындар легі Орталық Азияға бұрылуы мүмкін екендігін айтуда.

Серіктес жаңалықтары