×
435.1
493.27
5.69
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
435.1
493.27
5.69

Алматыда Ресей консулдығы миналанғаны хабарланды

26.12.2021, 19:40
Фото: ашық дереккөзден

Белгісіз біреу 26 желтоқсанда Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы ғимаратының «миналанғаны туралы хабарлады, құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, хабарлама жалған екенін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас консулдықтың консул-кеңесшісі Владимир Малышевтің айтуынша, белгісіз адамнан хабарлама таңғы 10-да консулдықтың электрондық поштасына түскен.

«Ресей мен ресейліктерге қоқан-лоқы көрсеткен өте жағымсыз мәтін болды. Соңында  ғимарат миналанған делінген. Шынында да, біз осы жағдайларда қабылдануы керек барлық шараларды істедік. Атап айтқанда, қазақстандық тарап өте жедел, кәсіби әрекет етті, біз өте ризамыз», – деді дипломат.

Ғимаратта жарылғыш заттар табылған жоқ.