Еуропаға бағытталған Қазақстан экспорттың үлесі күрт өсіп, кейінгі жеті жылда ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2024 жылы Қазақстан экспортының жалпы көлеміндегі Еуропаның үлесі едәуір артып, 48,8% жетті. Бұл 2018 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Абсолютті сандарда жеткізілім 22% өсіп, $39,8 млрд құрады. Ең көп экспортталған елдердің ішінде Италия, Нидерланды және Франция тұр. Қазақстаннан ол елдерге негізінен мұнай мен уран экспорталады, деп жазады Бірінші несиелік бюро.
АЗИЯ НАРЫҒЫ
Сонымен бірге Азияға экспорт 35,1%-дан 28,3%-ға дейін азайды. Бұл 2018 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Азия елдеріне Қазақстаннан тасымал 17% – 23,1 млрд-қа дейін төмендеді. Әсіресе Оңтүстік Кореяға экспорт 67%, негізінен мұнай жеткізілімінің төмендеуіне байланысты 1,3 млрд долларға дейін төмендеді. Сондай-ақ Түркияға экспорт 3,9 млрд доллардан 3,3 млрд долларға дейін төмендеді.
МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ
Жалпы мұнай экспортының көлемі бұрынғы деңгейде қалды. Шамамен 4 42,9 млрд теңге. Алайда тасымал географиясы өзгерді: 2024 жылы қазақстандық мұнайдың 83% Еуропаға кетті, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 68% құрады. Азияның үлесі, керісінше, 30% - дан 13% дейін төмендеді.
Бұл ретте Қазақстанда 22 ақпаннан бастап кейбір мұнай өнімдеріне экспорттық баж салығын қолдана бастайды.