Жасөспірім қыздың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада жасөспірім қыз 15-қабаттан құлап кетткен.
Бейресми ақпараттарға сүйенсек қыз ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
«Алдын ала ақпарат бойынша, ол биіктен құлаған. Жапа шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді полиция.
Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.