×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

"Костенкодағы" 46 кеншінің қазасы: 106 томдық қылмыстық іс сотқа кетті

"Костенкодағы" 46 кеншінің қазасы: 106 томдық қылмыстық іс сотқа кетті
Ашық дереккөзден

Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Қарағанды облысының прокуратурасы Костенко шахтасында кеншілердің қаза табуына қатысты 106 томдық қылмыстық істі сотқа жіберді.

Сотқа дейінгі тергеуді бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ішкі істер министрлігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, қаржылық мониторинг агенттігі және төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізді.

АПАТ СЕБЕБІ

Тергеу барысында жазатайым оқиғаға тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің жаппай бұзылуы себеп болғаны анықталды. Көмір өндіру алаңындағы жарылыс, шоғырлануы рұқсат етілген стандарттардан айтарлықтай асып кеткен көмір шаңының жарылыстарының тізбекті реакциясын тудырып, салдарынан 46 кенші қаза тауып, 28 кенші жарақаттанды.

10 АДАМ ҚАМАУДА

Шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Барлығы қамауда. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша («тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») айып тағылды, аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды. 

Материалдар негізі бойынша қарау үшін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының аудандық сотына жіберілді.

КҮДІКТІЛЕРДІҢ ЕСІМІ

Еске салайық, бұған дейін  бас прокуратура күдіктілердің есімін жариялаған болатын. 

Апат 2023 жылдың қазан айында болған еді. Алғашқы жарылыс К2 қабатынан бөлінген метанның жануы нәтижесінде болған. Газ механикалық ұшқыннан тұтанып, метан қоспасының жұмыс істемейтін аймақта жарылуына және шахта туннелдеріндегі көмір шаңының бірнеше рет жарылуына әкелген.