×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі маңызды ескерту жасады

18.02.2025, 14:51
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі маңызды ескерту жасады
Ulysmedia коллажы

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтығынан айырылғандардан құжаттарды қабылдауда өзгерістер енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі пандемия кезінде енгізілген құжаттарды пошта арқылы уақытша қабылдауды тоқтатады. Енді өтінішті тек жеке келгенде ғана беруге болады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қолжетімді слоттарының саны артты.  
 
Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруді тоқтатқан еді.  Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желілерде шетелдіктердің Қазақстанда елге қатыспай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қаншалықты оңай ала алатынын айтып, дабыл қаққан болатын.