Сенатта елге тартылатын инвестиция мәселесі талқыланып жатыр. Отырыста сыртқы істер министрлігінің
инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов инвесторлар бюрократиямен бетпе-бет келетінін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОСПАНҚҰЛОВ НЕ ДЕЙДІ
Бізде бизнес бәрін тез істейді, мемлекет кешігіп жүреді. Соның салдарынан жобалар сапасыз шығады немесе кейбірі тіпті іске аспай қалады. Мұның бәрі «сарафанды радио» секілді Қазақстанға ешкім келгісі келмейді. Сол себепті президент айтқандай, бюрократияны алып тастау керек, – дейді ол.
Оспанқұлов LC Waikiki компаниясын мысалға келтірді.
Олар Алматы облысында үлкен логистикалық кешенді салды. Енді өз қаражатына инфрақұрылым өткізейін десе, қасындағы адамдардың бәрі жерін алып алған. Ешкім каналды өткіуге рұқсатты бермей жатыр. Үлкен ақша сұрап отыр. Ол да жемқорлыққа алып келеді. Түрік «мен ондай ақшаны бермеймін» дейді. Енді әкімдікке бірдеңе етіп, шешіңдер десек, олар да шеше алмайды. Ол мәселе де әлі күнге дейін бар, – дейді ол.
САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ
Ғабидолла Оспанқұлов 2025 жылы инвесторлар ақша салар кезде неге мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, сарапшылардың бағалауы бойынша 2025 жылы инвесторлар елдердегі геосаяси тұрақсыздық пен саяси өзгерістерге байланысты жоғары тәуекелдерді ескереді. Бұл инвестициялық ағындарды неғұрлым тұрақты өңірлерге немесе экономика секторларына қайта бөлуге әкеледі. Бизнес заңнаманың болжамдылығы мен тұрақтылығына, атап айтқанда салық реформасы мәселелеріне де маңызды мән береді. “Салалық мемлекеттік органдар тарапынан заңнамадағы жоспарланған және талқыланатын инновациялар туралы алдын ала хабардар ету қажет, бұл инвесторларға болашақ өзгерістерді ескере отырып, қаржылық модельдерді алдын ала есептеуге мүмкіндік береді” дейді ол.