×
502.89
527.03
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.89
527.03
5.71

БҚО-да балық жаппай қырылғаны туралы ақпарат тарады: министрлік не дейді

БҚО-да балық жаппай қырылғаны туралы ақпарат тарады: министрлік не дейді

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысында балық жаппай қырылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты ауыл шаруашылығы министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚПАРАТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Instagram-да Еркін Балғазиев атты қолданушы БҚО-да балық қырылып жатыр деп, видео жариялаған. Оның сөзінше, оқиға Орал қаласында болған. 

АШМ НЕ ДЕЙДІ

Балық шаруашылығы комитетінің хабарлауынша, Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік инспекциясы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген. Нәтижесінде бұл видео 14 ақпанда Telegram-да тарағаны және оның шын мәнінде Ресейдің Астрахань облысында түсірілгені анықталған.

- Батыс Қазақстан облысы аумағындағы су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 30-40 сантиметрге жетеді, ал ивдеодағы ауа райы мен климаттық жағдай мүлдем басқаша. Батыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы басқармасының мамандары облыс аумағындағы су айдындарында күн сайын мониторинг және қадағалау жұмыстарын жүргізуде, деп толықтырды комитет өкілдері.