×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Қазақстанның СЖРА төрағасы қызметінен кетуі мүмкін

Бүгін, 14:53
Қазақстанның СЖРА төрағасы қызметінен кетуі мүмкін
ҚР ҰБ

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (СЖРА) төрағасы Жандос Шаймарданов алдағы күндері қызметінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz дереккөзі.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айта кетейік, Жандос Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін 2023 жылдан бері басқарады.

СЖРА бес жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қайта жандандырылған. Агенттік ұзақ мерзімді даму стратегиялары мен жоспарларын қалыптастыруға, реформалардың нәтижелігін бағалауға, экономикалық және әлеуметтік процестерді зерделеуге жауапты талдау орталығына айналады деп болжанған.

Редакцияның дереккөзі агенттік жүктелген міндеттерді шеше алмағанын және саяси салмағын жоғалтқанын атап өтті. Мысалы, қазірдің өзінде салық реформаларын талқылаудың ортасында СЖРА позициясы көрінбейді және естілмейді.

АНЫҚТАМА

Жандос Шаймарданов 2023 жылғы 16 қыркүйекте Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды. Бұған дейін ол ұлттық статистика бюросын басқарды.

Шаймарданов Йорк университетінде білім алып, оны 2009 жылы экономика және қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы ретінде бастады, «Самұрық-қазына» ҰӘҚ АҚ-да менеджер, экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған 2022 жылға дейін Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры болды.