×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Fly Arystan ұшағының бортында өрт шықты

Бүгін, 15:52
Fly Arystan ұшағының бортында өрт шықты
Әуе компаниясының баспасөз қызметі

Астанадан Ақтауға бағыт алған ұшақтың жүк салу бөлігінен өрт шығып, әуе кемесі ұшу пунктіне оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Fly Arystan әуе компаниясының хабарлауынша, төтенше жағдай бүгін, 23 ақпанда Астана-Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде болған.

Ұшақтың жоғарғы жүк салу бөлігінде жолаушының сөмкесі өртенген. Өртті әуе компаниясының бортсеріктері дереу өшірді, - делінген хабарламада.

Бортта барлығы 182 жолаушы болған. Әуе кемесі ұшу пунктіне қайтып оралды, штаттық режимде қонды.

Астана-Ақтау бағытындағы бұл рейс Астана уақытымен 17.10-ға ауыстырылды.