×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Ресей азаматы Алматыда Украинаны қолдап, пикетке шықты

Ресей азаматы Алматыда Украинаны қолдап, пикетке шықты
Фото: Азаттық

Ресей азаматы Тимофей Морозов Алматыдағы Республика алаңына Украинаны қолдап, пикетке шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Оның қолындағы плакатта "Украина жеңеді. Ресей азат ел болады" деп жазылған. 

25 жастағы Морозовтың сөзінше, ол Қазақстанға былтыр келген. Айтуынша, университетті аяқтаған соң Ресейден кетуді шешкен. 

Қазақстанда өзімді қауіпсіз сезінемін. Бірақ пикетке шыққаным үшін қудалау көру қаупі бар екенін білемін" деді ол.

ПОЛИЦИЯ БАР МА

Алаң маңында полиция мен әкімдік өкілдері көрінбейді. Морозов "пикет өткізу туралы әкімдікке хабарламадым, ешқандай рұқсат алған жоқпын" деді.

Соңғы деректер бойынша, полиция Ресей азаматы Тимофей Морозовты полиция бөлімшесіне алып кеткен.