×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Бас-ми жарақатын алған: Семейде таяқ жеген оқушының жағдайы белгілі болды

Бүгін, 22:20
Бас-ми жарақатын алған: Семейде таяқ жеген оқушының жағдайы белгілі болды
Видеодан скриншот

Дәрігерлер әлімжеттікке тап болған оқушының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

2013 жылы туған баланың жабық бас-ми жарақаты, басында және аяқтарында көптеген гематомалар анықталды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. 

БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ 

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Оны тексеріп, өміріне қауіп жоқ екенін анықтады. Пациент педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ 

Бастауыш сынып оқушысын ұрып-соғу оқиғасы 24 ақпанда болған. Екі күннен кейін Абай облысының жаңа әкімі Берік Уәли осы мәселе бойынша жиналыс өткізді. №9 мектептің басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны анықталды. Ал төменгі сынып оқушысын ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі. 

Абай облысының полиция департаменті оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.