×
$
465.74
537.23
5.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.74
537.23
5.62

Астанада базар аумағында жарылыс болып, үш адам зардап шекті

16.07.2026, 11:05
Астанада базар аумағында жарылыс болып, үш адам зардап шекті
t.me/astanovka98

Астанадағы базарлардың бірінің аумағында орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимаратта газ-ауа қоспасының жарылысы болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Байқоңыр ауданындағы Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылып, соның салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған.

– Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жеткен. Барлау жұмыстары барысында үш зардап шеккен адам анықталып, олар қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген, – делінген хабарламада.

Жарылыс ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса пісірілетін бөлмеде болған. Салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылып түскен.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын мамандар анықтап жатыр.