×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Зорлау фактісі: Әнарудың адвокаты мәлімдеме жасады

Зорлау фактісі: Әнарудың адвокаты мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Жанқош Тұраровтың Әнару Қалдыбекқызын зорлау дерегі бойынша тергеу әлі жүріп жатыр. Бұл туралы Әнарудың адвокаты Ләззат Ахатова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Күні кеше Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Исаның оқырмандарының сұрағына берген жауабы тарап кетті. Ол жерде Клара Әнаруды сотқа бергенге ұқсайды. Ол күйеуін даттағандар жазасыз қалмайды деп отыр.

АДВОКАТ

Бұл жайтқа қатысты Әнару Қалдыбекқызының адвокаты Ләззат Ахатова мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, тергеу әлі аяқталмаған. 

- Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр, дейді адвокат. 

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Еске салайық, былтыр 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тараған. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлаған еді.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

Артынша "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. Бойжеткен "соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсеткен.