Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіп иелері мен бұқаралық ақпарат құралдары қосымша құн салығынан босатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы салық кодексі жобасын қорғаған ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты.
Реформа жасардың алдында бүкіл өңірлерді араладық. Бизнес қауымдастықпен талқылау жұмыстарына 6 жұмыс тобы атсалысқанын білесіздер. Осы жұмыс аясында 2,5 мыңнан астам жеке кәсіпкермен және жеке шаруашылық басшыларымен кездестік. Олардың бүкіл ұсыныстарын тыңдап, жазып алдық. Қазір сол ұсыныстарды талқылау жүріп жатыр. Мәжілістің осы мәселеге байланысты құрылған жұмыс тобында да осы мәселелерді терең пысықтаймыз деп ойлаймын, - деді Азамат Әмрин.
Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді.
Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді. Кейін үкімет бұл салықты 16 пайыз болатынын айтты.