Алматының Алмалы аудандық сотының алдында Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті қолдап белсенділер жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Блогер 18 қаңтардан бері қамауда отыр және бүгін тергеу изоляторынан онлайн режимінде бірінші сот отырысына қатысады.
Оның адвокаты Жанар Балғабаева сотқа бірнеше өтініш – істі қысқарту, Еңсебекке қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту және оның ісін ашық түрде оффлайн режимінде қарауды көздеп отыр. Адвокаттан басқа Темірлан Еңсебектің құқықтары мен мүдделерін оның әкесі Марат Тұрғымбай қорғайды.
ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ?
2021 жылдың мамыр айында Темірлан Енсебек құқық қорғау органдарының назарына тағы да іліккен. Ол кезде де оның паблигінде жарияланған контент себеп болған. Тергеу ҚР ҚК 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жүргізілді.
Алайда, 2021 жылдың қыркүйек айында қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылған.