×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

ІІМ "салық қарызы бар" блогерлердің тізіміне қатысты пікір білдірді

ІІМ "салық қарызы бар" блогерлердің тізіміне қатысты пікір білдірді
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның ішкі істер министрлігі "салық қарызы бар" блогерлердің тізіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде блогерлер мен инфлюенсерлердің жеке деректерінің тізімін тарату фактісі ішкі істер министрлігінің ақпаратты тіркеу кітабына тіркелді.

- Материал Астана полиция департаментіне жіберілді. Материалды қарау барысында осы тізімнің рас-өтірігін анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады. Тергеу нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мәселесін қарауды қоса алғанда, шешім қабылданады, деді ІІМ өкілдері.

БЛОГЕРЛЕР

Еске салайық, бұған дейін сегіз қазақстандық блогер 1,2 млрд теңге табысын өз еркімен декларациялағанын хабарлаған едік. 

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ведомство мәліметінше, камералдық бақылау жүргізілген. Оның мақсаты – салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижесінде салық органдары анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше түзету құқығын беру. Бұл салық органдарында тіркеу есебіне қою және 96-бапқа сәйкес салық есебін тапсыру және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Осы мақсатта комитет жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерін толық орындауын тұрақты негізде бақылап отыратынын атап өтті. Блогерлердің салықтық міндеттемелерді орындауы басқа азаматтар мен кәсіпкерлер сияқты жалпы негізде жүзеге асырылады.

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

Камералдық бақылау өз бетінше салық салынатын кіріс алатын барлық тұлғаға бірдей дәрежеде жүргізіледі. 2025 жылы камералдық бақылау нәтижесінде 80 000 жеке тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге хабарлама жолданған. 

БЛОГЕРЛЕР

Хабарлама алған жеке тұлғалардың қатарында блогерлер де бар. Олар хабарламаны алғаннан кейін әлеуметтік желілерде белсенділік танытты. Осыған байланысты әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, 80 000 жеке тұлғаның ішіндегі 594-і блогер екені анықталған.