×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

«Қазақ тілді режиссерларды шеттетеді» - Елзат Ескендір

Бүгін, 20:15
«Қазақ тілді режиссерларды шеттетеді» - Елзат Ескендір
Әлеуметтік желіден

Режиссер Елзат Ескендір әлеуметтік желіге қазақ тілді киногерлерге қатысты жазба жариялап көпті толғандырып қойды. Оның айтуынша қазақ кино индустриясында бұрыннан қазақ тілді режиссерлерге жасалатын қысым соңғы уақытта ушығып, ашық түрде көрініс бере бастаған. Бұны «Қазақфильм» киностудиясына басшылыққа Айдар Омаровтың келуімен байланыстырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚАЗАҚ ТІЛДІ КИНОГЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ЖОҚ

Режиссер Елзат Ескендірдің айтуынша, қазақ тілді киногерлердің жобаларына назар аударылмайды, олардың сценарийлері қаралмайды, халықаралық фестивальдерге қатысуларына қолдау көрсетілмейді. Керісінше, шетелдік іс-шараларға негізінен орыс тілді мамандар жіберіліп, олардың шығындары толықтай мемлекет есебінен өтеледі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕРГЕ ӨЗ ҚАРЖЫСЫМЕН БАРУҒА МӘЖБҮР

Көптеген қазақ тілді режиссерлер өз фильмдерін халықаралық деңгейде таныстыру үшін жеке қаржыларына сүйенуге мәжбүр екен. Мысалы, режиссер Елзат Ескендір «Әбіл» фильмін Қазақстан атынан түрлі кинофестивальдерде көрсетуге мүмкіндік алғанымен, оған ешқандай қаржылай қолдау көрсетілмеген.

«Біз өзіміз барып, фильмнің премьерасын өткізген Бусан, Гетеборг, Везуль кинофестивальдерінің бәріне “Қазақфильм” киностудиясының немесе министрліктің бір тиын қолдауынсыз бардық» – дейді режиссер.

Ал осы фестивальдерге «Қазақфильм» атынан жіберілген қызметкерлер түгелдей мемлекет есебінен қаржыландырылған. Олардың қатарында ағылшын тілін білмейтін мамандар да болған, бұл кинофорумдарда кәсіби байланыс орнатудың қаншалықты тиімді болғанын күмәнді етеді.

КІМГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ?

Биылғы жылы да мемлекеттен кино саласына қомақты қаражат бөлінген. 2025 жылы қазақ киносының шетелдегі күндерін өткізу үшін шамамен 70-80 миллион теңге қарастырылған. Бұл қаржы 16 мемлекетте өтетін шараларға жұмсалмақ. Алайда, бұл сапарларға кімдердің баратыны белгісіз.

«Осы тізімге киностудиядағы А.Омаровқа жақын қызметкерлер енгізілетіні де белгілі. Бұл қазақ тілді киногерлерге жасалған кезекті әділетсіздік екенін көрсетеді.» – дейді режиссер.

ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҚАНДАЙ?

Қазақ тілді режиссерлердің айтуынша, егер ұлттық киноны дамыту маңызды болса, оған шын мәнінде еңбек етіп жүрген шығармашылық өкілдерге қолдау көрсетілуі керек. Қазіргі таңда киностудияның саясаты қазақ тіліндегі фильмдерді шеттетіп, олардың авторларын халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік бермеуге бағытталғандай көрінеді.

“Қазақ киносының ұлттық болмысын сақтау үшін, ең алдымен, әділдік пен теңдік орнауы қажет. Бұл саладағы шешім қабылдайтын тұлғалар киноның дамуын емес, жеке мүдделерін бірінші орынға қоймауы тиіс”- деді Елзат Ескендір.  

Режиссердың ойынша бұлай жалғаса бер қазақ киносының халықаралық деңгейде мойындалуы қиындай бермек.