×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

«Енді бауырсағымыздан айырылып қалмайық»: желі қолданушылары дүрлікті

01.03.2025, 09:25
«Енді бауырсағымыздан айырылып қалмайық»: желі қолданушылары дүрлікті
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде қазақстандық блогердің Таиланд астанасы Банкоктың орталығында дәстүрлі қазақ бауырсағы сатылып жатқаны туралы бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл бейнежазба шамамен 200 мың қаралым жинап, желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды.

Блогер бұл ерекше бауырсақты кездейсоқ, базарды аралап жүрген кезде тапқанын айтады. Кәдімгі қазақтың қызылкүрең бауырсағы Бангкоктың Soi Phetchaburi 10, Thanon Phetchaburi, Ratchathewi ауданында сатылған.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары: “Енді бауырсағымыздан айырылып қалмайық”, “Ойбай бұлар сауданың көзін біледі”, - деген сияқты пікірлерін жазып жатыр.