«Оскар-2025» марапаттау рәсіміне киноиндустрия жұлдыздары жиналып, өткен жылдың ең үздік фильмдері мен актерлік жетістіктерін қызу талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Америкалық киноөнер және ғылым академиясының 2024 жылғы кинематография саласындағы жетістіктері үшін тағайындалған 97-ші «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі 2025 жылдың 2 наурызында өтті. Бұл марапаттау «репрезентация және инклюзия стандарттарын» ескеріп өткізілген екінші рәсім болды. Аталған стандарттардың мақсаты – аз қамтылған нәсілдік және этникалық топтарға, әйелдерге, ЛГБТК+ қауымдастығының өкілдеріне, когнитивтік немесе физикалық ерекшеліктері бар жандарға, саңырау немесе нашар еститін адамдарға актерлік құрамда, түсірілім тобында, студиялық оқыту мен тағылымдамаларда кеңірек жұмыс мүмкіндіктерін ұсыну.
2025 жылдың наурыз айында стримиң сервистерінің ықпалын шектеу мақсатында жаңа ереже күшіне енді. Енді «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдер кинотеатрларда кемінде бір апта көрсетілуі тиіс. Бұл прокат мерзімі 2025 жылдың 24 қаңтарында аяқталуы керек.
Рәсімді алғаш рет ирландиялық тегі бар америкалық комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайен жүргізді.