×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып, аяғынан айырылды

Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып, аяғынан айырылды
Фото: ҚТЖ

Маңғыстау облысында ер адам пойыздың астында қалып, аяғынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпаратты ҚТЖ растады. 

МӘН-ЖАЙ

Оқиға 28 ақпанда сағат 21:46-да Боранқұл станциясында болған. Зардап шеккен ер адам Бейнеудегі аудандық ауруханаға жеткізілді. 

СЕБЕП

Оқиғаның алдын ала себебі - жәбірленушінің қауіпсіздік ережелерін бұзуы, рұқсат етілмеген жерден өткен. 

ҚОСЫМША

Былтыр 75 адамды пойыз қағып кеткен. Негізгі себептері – темір жолдарды кесіп өту ережелерін бұзу, мас күйде өту, құлаққап тағып жүру және өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары.

ҚТЖ ЕСКЕРТУІ

ҚТЖ темір жолдың қауіпті аймақ екенін еске салады. Жаяу жүргіншілер ережелерді қатаң сақтауы керек:

  • арнайы жабдықталған орындарда ғана жолды кесіп өту;
  • өте сақ болыңыз,
  • тректердің жанында құлаққапты қолданбаңыз немесе гаджеттерге алаңдамаңыз.