×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Ақтөбеде украиншыл блогерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ақтөбеде украиншыл блогерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Ашық дереккөзден

Ақтөбеде украиншыл блогер Рустам Көнекбаевқа қатысты «ұлттық алауыздықты қоздыру» бабымен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы блогердің өзі Азаттыққа хабарлаған. 

Рустам Көнекбаевтың айтуынша, ол 3 наурыз күні Ақтөбедегі Зауыт полиция бөліміне барып, қылмыстық істің жабылғаны туралы құжаттармен танысқан.

– 174-бап бойынша қозғалған іс аясында менің YouTube арнамдағы видеоларға сараптама жүргізілген. Сарапшылар ұлттық алауыздықты қоздыру белгілерін таппаған, дейді блогер.

КӨНЕКБАЕВ ТУРАЛЫ

YouTube-та «Дарий Великий» деген атпен танылған Көнекбаев өз арнасын 2024 жылдың қазан айында ашқанын айтады. Оның сөзінше, 18 мыңға жуық жазылушысы болған, алайда ақпан айында арнасын хакерлер бұзып, жаңа арна ашуға мәжбүр болған. Қазір онда екі мыңдай ғана жазылушы бар.

Рустам Көнекбаевтың сөзінше, ол ақтөбеліктерден Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы сұхбат алып, Z-блогерлерді әшкерелеумен айналысқан.

– Билік қылмыстық іс қозғап, соғысқа қарсы пікір білдірушілердің үнін өшіргісі келеді. Бірақ Астанадағы Масленица мерекесінде Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «жеңісті асыға күтіп жүрміз» дегенде ешкім ештеңе демеді. Мен ұлттық алауыздықты қоздырушы емеспін, тек соғысқа қарсымын! Соғысқа қарсы болу – орыс халқына қарсы болу дегенді білдірмейді, – дейді блогер.

Ақтөбе полициясы Рустам Көнекбаевқа қатысты «ұлттық алауыздықты қоздыру» бабы бойынша іс қозғалғанын растады. Полицияның мәліметінше, сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша қылмыс құрамының жоқтығы анықталғандықтан іс тоқтатылған.