×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

«Протекцияны қолдамаймыз»: сауда министрлігі шетелдік маркетплейстерді шектегісі келмейді

05.03.2025, 18:10
«Протекцияны қолдамаймыз»: сауда министрлігі шетелдік маркетплейстерді шектегісі келмейді
Ulysmedia коллажы

Қазақстанның тауарлары да қазір шетелдік маркетплейстер арқылы сатыла бастаған. Бірақ олардың үлесі тым аз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шетелдік маркетплейстердің қызметі қазір отандық тауар өндірушілердің тынысын тарылтып жатқаны жиі айтыла бастады. Тіпті мәселені жақында парламентте депутаттар да көтерген. Қазақстанның кез келген азаматы өзіне қажетті тауарды Озон немесе Тему маркетплейстері арқылы ала салатын болған. Мұндай жағдайда Қазақстан өзінің отандық өндірушілерін қорғау үшін протекциялық саясатты күшейтіп, отандық маркетплейстерді қолдап, шетелдік маркетплейстерге цифрлық салықты арттырмай ма? Ulysmedia.kz тілшісі орталық коммуникациялар алаңында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевке осы сұрақты қойды.

ТӨРЕБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Қайрат Төребаевтің сөзінше, шетелдік маркетплейстер дүние жүзінде жұмыс істеп жатыр.

Оларды біз өнімдерді экспортқа шығару үшін де қолданып жатырмыз. Шетелдік маркетплейстерді жергілікті компаниялармен теңестіреміз, олар барлық салықты төлейді. Ол бір. Екіншіден, біз тауарларды сатып алған кезде пошталық тауар деп саналады, 500 еуро және 20 келіге дейін Қазақстанның әр азаматы шетелден тауар әкелуге қақылы. Сондықтан, біз сатып алсақ, бажсыз кіреді. Пошталық сілтеме сияқты қарастырылады. Бірақ ол уақыт өте ұзақ. Мысалы, қазір сіз Тему немесе басқа арқылы тапсырыс берсеңіз, кемі бір ай күтесіз. Қазақстандағы өнім өндірушілер сол маркетплейстерде Қазақстанның тауарын сата алады. Мысалы, Озон, Уйлберисте біздің тауар өндірушілер де бар. Ол тауарларды тез арада тұтынушылар сатып ала алады. Бұл маркетплейстер жаңа тренд. Біз одан қашпауымыз керек. Оларды дұрыстап қолданып, заңды түрде реттеп, жұмыс істеуіміз керек, – дейді ол.

Қайрат Төребаев десе де шетелдік маркетплейстер арқылы сатылып жатқан отандық тауарлардың үлесі өте аз екенін мойындайды. 

Али бабада біз 87 млн долларға сатылым жасадық. Бірақ біздің тауар өкінішке қарай Қытайдың тауарымен бәсекеге түсе алмайды. Әр сатып алушы, тұтынушының талғамы да бар ғой. Бірақ біздің тауарларымыз күрделі, үлкен, ауыр. Сондықтан сол маркетплейстерге тауарлар көп енген жоқ деп санауға болады, – дейді Төребаев.

Қайрат Төребаев протекциялық саясатты күшейту дұрыс емес деп есептейді. Бірер күн бұрын Ресей мен Беларусьте Қазақстан бес пункт ашқанын айтады. “Бұрын Еуропаға шыға алмайтынбыз, біртіндеп мәселелерді шешіп жатырмыз, протекцияға барған дұрыс емес, біз өйткені дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесіміз, егер басқа мемлекеттер бізге бөгет тұрғызса, консультация арқылы мәселелерді шешіп жатырмыз” дейді ол.

САЛЫҚТАН КҮТІМ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қытайдың Temu және Pindoudou маркетплейстері Қазақстанда тіркеліп, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілер қатарына қосылғанын мәлімдеген еді. “Біз ешкіммен келіссөз жүргізбейміз, ережелерді белгілейміз. Маркетплейстер оларды не орындайды, не біздің нарықтан кетеді. Менің білуімше, Temu мен Pindoudou шартты тіркеуден өтіп, қосымша құн салығын төлеп жатыр” дейді ол. Оның айтуынша, барлық электронды сауда алаңы үшін бірдей ереже қолданылады.