×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

«Қартайып қалсаңыз қойсаңызшы»: жазушы Жүрсін Ерманды сынап тастады

05.03.2025, 21:35
«Қартайып қалсаңыз қойсаңызшы»: жазушы Жүрсін Ерманды сынап тастады
Ulysmedia коллажы

Жас жазушы Әлихан Жақсылық белгілі ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманға назын әлеуметтік желіде жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДАУ НЕДЕН ТУДЫ?

Ұзақ жылдар бойы айтыс өнерінің тізгінін ұстаған Жүрсін Ерман ақын Мұхтар Ниязовпен сұхбаттасқан. Сөз арасында жүргізуші Жүрсін Ерманнан кейінгі буынның аяқ алысы туралы сұраған. Ол жауабында бір кездері айтыс сахнасында өнер көрсеткен кейін прозаға бет бұрған Әлихан Жақсылықты тілге тиек етеді. 

“Қазіргі жастар тайыз суда жүрген қайық сияқты. Көңіл көншітпейді. Қолдан жасаған қайғы қасіреттері бар. Соны айтады. Жын-шайтан соны жазады. Әлихан Жақсылық деген жігіт болды ғой бізде. Соны әуелде әлпештеп едік. Соның жолына түсіп кетті. Осындай жастар көбейіп кетті. Біреудің жолын кесейін дегенім жоқ.Өмірдің ақиқатын жазу керек. Жын-шайтан інжілді жазғандар толып жатыр. Ішімізге түспейді”, – дейді Жүрсін Ерман. 

ӘЛИХАН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАУАБЫ

Жазушы Әлихан Жақсылық өз сөзінде өзін айтыс сахнасына шығарған Жүрсін Ерманға ренішін жасырмады.Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ағынан жарылды.

"Қолдан жасалған қайғы қасіреттер жазады" деген сөзін түсінбедім. Мен шығармада ешқашан өзім жайлы, өзімнің жеке басым туралы жазып көрмеппін. Жүрсін Ерман атамыздың нені меңзеп, қай шығармам жайлы айтып отырғанын білмедім… Ата! Мен бәзбіреулер құсап еңіреп жылап, қолдан тағдыр жасап жүрген жоқпын. Дүниеде бар затты жазып, кітабымды сатып жайыма жүрмін. Шайтанға ерді дейтіндей бір жерде бірдеңе істеп отырғанымды көрдіңіз бе?”- дейді Әлихан Жақсылық. 

“ҚАРТАЙЫП ҚАЛСАҢЫЗ ҚОЙСАҢЫЗШЫ...”

Жас қаламгер өзінің әдебиет әлемінде жолы бар екендігін айта келе Жүрсін Ерманға тоқтау салды. 

“Адам болайын деген сайын осы ғой! Бұларға көшеде арақ ішіп, бір жерде ұйықтап жатқаның ғана керек...Қартайып қалсаңыз қойсаңызшы... Бүкіл ел ауызыңызға қарап отыр... Бар жазығым кітап жазып сатқаным болса , ақыретте сол шайтандарға өзім жауап беремін!”- деді жас жазушы.

ӘЛИХАН ЖАҚСЫЛЫҚ 

Әлихан Жақсылық қазақ әдебиетіне жаңалық болып келген жас жазушы. “Нотр-дамда құлшылық ету керек пе?”, “Африкадан Аляскаға”, “Ескі вокзалдың жолаушылары” романдарының, “Алты құрлық”, “Төрт мұхит”  хикаяттар жинағының авторы. Ұлыбританияның “Алты бұғы” әдеби сыйлығын жеңіп алған. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Шығармалары ағылшын, түрік тілдеріне аударылып басып шығарылған. 

ЖҮРСІН ЕРМАН

Жүрсін Молдашұлы Ерман – 1951 жылы қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген. Белгілі ақын, журналист. Қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы. Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы. Әр жылдары Еуразия ұлттық университетінде, “Қазақ радиосында” басшылық қызмет атқарған.