Бұл сұраққа Қарулы күштердің бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Фархат Айдарбаев екіұшты жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КӨШЕДЕН ҰСТАП ӘКЕТЕ БЕРЕ МЕ
2022-2023 жылдардағыдай көшеден жастарды ұстап әкетіп, адам құқығы бұзылды дегендей көп жайттар болған. Оны алдын ала болдырмас үшін біз әскери прокуратурамен, басқа да органдармен қатарласа жұмыс істеп, қазір көшеден ұстап әкету мақсатында жұмыстарды тоқтаттық. Бірақ әскерден жалтару заңға сәйкес, ішкі істер органдарына тапсырылған. Олар өзінің тәртіп сақтау рейдтерін жүргізеді. Шаруа соларға тапсырылған. Егер жастар әскерден жалтарып, қашып жүрген жастар болса, ондай іс-шаралар қолданылады, – дейді Фархат Айдарбаев.
ӘСКЕРДЕН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ
Ulysmedia.kz бұған дейін жастар армиядан қандай жағдайда босатылатынын анықтап көрген еді. Қарулы күштердің ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары департаментінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар басқармасының аға офицері полковник Дәуренбек Шегебаев тікелей эфирде қандай санаттағы жастар армиядан босатылатынын айтты. Ол әскери қызметтен босату негіздері Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы заңның 26 және 35 бабында көрсетілгенін атап өткен.
Аталған заңның 35-бабына сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды аудандарда немесе облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан әскерге шақыру комиссиясы шешеді. Мұндай шешімге мынадай 4 себеп негіз бола алады: