Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр Қазақстанға жалпы құны 93,5 млн доллар болатын 12,3 мың тонна кесілген гүл импорттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл 2023 жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Алдыңғы жылы елге 61 миллион доллардың гүлдері әкелінген.
Қазір Қазақстанға гүлдер әлемнің 53 елінен тасымалданады. Атап айтқанда, Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінеді. Ең ірі жеткізуші — Эквадор. Одан кейін Нидерланды, Қытай, Колумбия және Кения. Бұл мемлекеттер негізінен раушан, қалампыр, қызғалдақ, орхидея және нарғызгүл сынды гүл түрлерін өсірумен танымал.
Аталған кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне гүл шоқтары үшін 1,5 мың тонна кесілген гүлдер мен гүл түйнегін экспорттады, - деп жазады ведомство.
Мәселен, бір жыл ішінде Ресейге Қазақстаннан гүл жеткізу көлемі 50 есеге өсіп, 28 мың тоннаға жеткен. Оның 97%-ы раушан гүлдері. Одан басқа қалампыр, орхидея, бақытгүл және лалагүлдер де бар.