×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

«Ембімұнайгаз» кен орнында апат болды

07.03.2025, 00:19
«Ембімұнайгаз» кен орнында апат болды
Видеодан алынған кадр

Наурыздың 6-сы күні «Западная Прорва» кен орнының №437-ші ұңғымасында сорғы компрессорлық құбырын түсіру кезінде сыртқа газ шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресми расталмаған ақпаратқа сәйкес, тұтанған өрттен биіктігі 20 метр болатын газ алауы отқа оранған.

«Ембімұнайгаз» баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жедел штаб құрылып, тиісті шаралар дереу қолға алынған.

Ұңғыманың айналасы қоршалған, оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда, жұмыс штаттық режимде атқарылып жатыр, – деп нақтылады мұнай өндіруші компания.

Апат салдарын жоюға мамандандырылған қызметтер жұмылдырылды.