×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Жаңаөзенде мешіттен өрт шығып, бір бала зардап шекті

Жаңаөзенде мешіттен өрт шығып, бір бала зардап шекті
ЖИ / ulysmedia.kz

Жаңаөзенде мешіттен өрт шықты. Салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚЫС ОҚИҒА

Оқиға 6 наурызда Жаңаөзендегі Шаңырақ шағынауданында болған. Қалалық мешіт аумағында салынып жатқан жаңа ғимаратта кіреберістен өрт шыққан. 

Жалпы 40 шаршы метр өртенген. Өрт бірден сөндірілген. 

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

Оқиға салдарынан 2013 жылы туған бала күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, Алматы облысындағы Қарасай ауданында мешіт өртенген болатын

Оқиға 9 ақпанда таңертең Алматы облысындағы Қарасай ауданы Еңбекші ауылында болған. 50 шаршы метр алаңдағы мешітте жиһаз және шаруашылық заттар өртенген.