Kaspi-де шоты бар Қазақстанның резиденттері мен резидент емес адамдарға бұғаттау туралы хабарлама 7 наурызда келе бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz bes.media-ға сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Себеп – Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу. Басылымның жазуынша, қылмыстық істі тергеу аясында 2 мыңнан астам банк шоты бұғатталған. Ол шоттар Қазақстан азаматтарына және Ресейден, Еуропа мен Африка елдерінен келген резидент емес адамдарға тиесілі. Бұл жерде тек Kaspi-дің карталары емес, басқа банктердегі шоттар да бар.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ НЕ ДЕЙДІ?
Тексеру нәтижесі бойынша шектеулер алынады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес, кешенді тергеу амалдары атқарылады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге байланысты өзге мәліметтеді жариялауға болимайды. Мәселе бақылауда, – деп түсіндірді СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.