×
486.19
554.26
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.19
554.26
6.51

"Трансұлттық қылмыстық топқа жетекшілік етті" деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін, 15:28
"Трансұлттық қылмыстық топқа жетекшілік етті" деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: Ашық дереккөзден

Польшадан Қазақстанға трансұлттық қылмыстық топқа жетекшілік етті деген күдікке ілінген адам экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Бас прокуратура баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, күдіктіге синтетикалық есірткі заттарын сатумен және қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастырумен айналысатын трансұлттық қылмыстық топқа жетекшілік етті деген айып тағылған.

– Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Польша Республикасындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен аталған елден есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін Украина азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадицияланды, – делінген бас прокуратура хабарламасында.

Арнайы прокурорлар қылмыстық істі тергеу барысында күдіктінің Telegram мессенджерінде Kaef Mafia интернет-дүкені арқылы есірткі және психотроптық заттарды жүйелі түрде сатумен айналысқанын анықтаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыстық әрекеттен түскен қаражатты заңдастыру мақсатында банк шоттары арқылы 2,8 миллиард теңгеден астам қаржы өткізілген. Кейін бұл қаражат Қазақстан аумағынан сыртқа шығарылған.

Сонымен қатар жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық топ мүшелерінен 1,2 келі есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркіленген.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған топтың бірқатар мүшелері бұған дейін сот үкімімен кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен алынған қаражат мемлекет есебіне тәркіленген.

Ал ұйымдастырушы деп күдікке ілінген тұлға қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап жүрген, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол өткен жылдың желтоқсанында Польша аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалған. 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.