Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Естеріңізге сала кетейік, қолына пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алып, сөмкесінде «жарылғыш зат» бар деп адамдарды қорқытқан. Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда:
Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) - мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.
Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) - 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) - 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы.
ҚАУІПСІЗДІК ҚАТАҢ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Қазір оқиғаның мән-жайын тексеру мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен Қазақстанның барлық әуежайлары мен вокзалдарындағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр.