×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Депутат Қылышбаев Сенаттан кетті

30.12.2021, 10:15
Фото: Ашық дереккөзден

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат басқа жұмысына ауысуына байланысты Сенаттан кетті. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Айжарық Смағұловтың айтуынша, жоғары палатадан кетуге Нұрлан Қылышбаевтың өзі өтініш берген. Депутаттар тиісті қаулыны қабылдады.

«Нұрлан Наурызұлы Алматы облысынына сайланған. 5 жылдан астам жұмыс істеді. Сенаттың заң шығару жұимысына, өңірлердің мәселесін шешуге белсенді атсалысты. Палата қызметіне үлесін қосты. Сол себепті депутаттық қызметіне ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оған Құрмет грамотасын тапсырды.

Сөз сөйлеген экс-депутат Елбасы мен Президентке алғыс айтты.

Нұрлан Қылышбаев 1971 жылы туған. Туған жері: ҚазКСР, Талдықорған облысы, Талдықорған қаласы. Екі ұл, бір қызы бар. Қазақ ауылшаруашылығы институты, орман шаруашылығы инженері, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық институт, құқықтану, заңгер мамандығын бітірген.

Еңбек жолы:

  • Талдықорған орман шаруашылығының аңшаруашылығы өндірістік бірлестігі бөлімінің жетекші инженері (1994-1996)
  • Алматы облысы Ішкі істер басқармасы қылмыстық істер бөлімінің жедел уәкілі (1996-1997)
  • Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі (1997-1999)
  • Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы (1999-2003)
  • Жамбыл облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (2003-2004)
  • «Жігер» ААҚ төрағасы, Алматы қ. (2004-2010)
  • Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары (2010-2013)
  • Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (07.2013-06.2016).

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Сайланбалы қызмет, депутаттығы: Алматы облысынан сайланған. (01.07.2016 ж., 29.06.2017 ж. қайта сайланған), Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы болған.

Серіктес жаңалықтары