Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың жылдам еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне топан су жайылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz .
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қарғын су тұрғын үйлерге кірмеген, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдары жедел жетті. Тасқын судың салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам, 14 техника, соның ішінде мотопомпалар жұмылдырылды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдай қызметінің хабарлайынша, жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерге су кіруіне жол берілген жоқ. Қазір еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты.