×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Өзбекстанда Temu жұмысын тоқтатады. Қазақстан оны нарықтан қуғысы келмейді

Бүгін, 11:54
Өзбекстанда Temu жұмысын тоқтатады. Қазақстан оны нарықтан қуғысы келмейді
gazeta.uz

Temu платформасы 20 наурыздан бастап Өзбекстанда жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨЗБЕКСТАН ОНЫҢ ЖҰМЫСЫН НЕГЕ ТОҚТАТТЫ

Өзбекстанның ұлттық перспективалық жобалар агенттігі мен салық комитеті 2025 жылы 20 наурыздан бастап платформаның ел аумағында жұмыс істей алмайтынын хабарлады.

Temu қызметінің шектелуіне оның сауда, жарнама және деректерді қорғау саласындағы жергілікті заңдарға сәйкес келмеуі себеп болған. Платформа шетелдік болғандықтан, резидент ретінде тіркелмеген және өз жұмысын жергілікті деңгейде бейімдемеген.

Өзбек билігінің өкілдері мұндай платформалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау және авторлық құқық саласындағы талаптарды бұзатынын атап өтті.

ҚАЗАҚСТАНДА ОЛ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕДІ

Тemu Қазақстанда ресми түрде тіркелмегендіктен, бюджетке салық төлемейді. Қазақстан билігі енді оларды тіркеп, салық төлеткелі жатыр.

Шетелдік маркетплейстердің қызметі қазір отандық тауар өндірушілердің тынысын тарылтып жатқаны жиі айтыла бастады. Тіпті мәселені жақында парламентте депутаттар да көтерген. Қазақстанның кез келген азаматы өзіне қажетті тауарды Озон немесе Тему маркетплейстері арқылы ала салатын болған. Мұндай жағдайда Қазақстан өзінің отандық өндірушілерін қорғау үшін протекциялық саясатты күшейтіп, отандық маркетплейстерді қолдап, шетелдік маркетплейстерге цифрлық салықты арттырмай ма? Ulysmedia.kz тілшісі орталық коммуникациялар алаңында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевке осы сұрақты бұған дейін қойған еді.

Төребаев протекциялық саясатты күшейту дұрыс емес деп есептейді. Бірер күн бұрын Ресей мен Беларусьте Қазақстан бес пункт ашқанын айтады. “Бұрын Еуропаға шыға алмайтынбыз, біртіндеп мәселелерді шешіп жатырмыз, протекцияға барған дұрыс емес, біз өйткені дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесіміз, егер басқа мемлекеттер бізге бөгет тұрғызса, консультация арқылы мәселелерді шешіп жатырмыз” дейді ол.

САЛЫҚТАН КҮТІМ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қытайдың Temu және Pindoudou маркетплейстері Қазақстанда тіркеліп, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілер қатарына қосылғанын мәлімдеген еді. “Біз ешкіммен келіссөз жүргізбейміз, ережелерді белгілейміз. Маркетплейстер оларды не орындайды, не біздің нарықтан кетеді. Менің білуімше, Temu мен Pindoudou шартты тіркеуден өтіп, қосымша құн салығын төлеп жатыр” дейді ол. Оның айтуынша, барлық электронды сауда алаңы үшін бірдей ереже қолданылады.