×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

Қазақстанда 8 наурызда қанша қыз бала дүниеге келді

10.03.2025, 16:33
Қазақстанда 8 наурызда қанша қыз бала дүниеге келді
ашық дереккөзден

8 наурыз мерекесінде Қазақстанда перзентханалардың акушер-гинекологтары 764 ананы босандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 8 наурызда барлығы 769 сәби, оның ішінде 366 қыз, 403 ұл дүниеге келген. Сондай-ақ 5 егіз енді 8 наурызда туған күнін атап өтеді. Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді, онда 126 бала өмір есігін ашты, екінші орында Алматы - 76 сәби, Шымкент – 71 және республиканың астанасында 65 бала дүниеге келді.

Бірнеше өңірде әйелдерге 8 наурызға орай ақшалай төлемдер берілгенін бұған дейін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары