×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Ресейге қоныс аударатындардың ең көбі Қазақстаннан көшіп жатыр

Ресейге қоныс аударатындардың ең көбі Қазақстаннан көшіп жатыр
фото: inbusiness.kz

Ресейге қоныс аударатындардың ең көбі Қазақстаннан көшіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей Ішкі істер министрлігі Ресейге көшуге ниет білдіргендердің саны азайғанын хабарлады. kommersant.ru мәліметінше, 2024 жылы ресейліктерді өз еркімен қоныстандыру бағдарламасы бойынша Ресейге 31,7 мың адам көшкен – бұл 14 жылдағы ең аз көрсеткіш. Мысалы 2011 жылы 61,1 мың өтініш түсіп, 31,4 мың адам келген. 2022 жылғы көрсеткіш жоғары болған: 112,7 мың өтініш берілді және 64,8 мыңы көшіп келген.

Жалпы  2006–2024 жылдары аралығында Ресейге 1,2 млн адам көшіп келген. 

2024 жылы елге Қазақстаннан көшіп барғандар көп болған.

Мигранттарға арналған бағдарлама 2006 жылдан бері қолданылып келеді. Оларға көшіп келгені үшін өтемақы төленеді, біржолғы есеп айырысу жәрдемақысын (оның мөлшері бағдарламаға қатысатын аймаққа байланысты) және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады.

ҚАЗАҚСТАН

Еске салайық, ресми статистика бойынша, Қазақстаннан 12 мыңнан аса адам кетіп қалған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, көші-қон сальдосы 16 550 адам болған. Осылайша, қатарынан екі жыл бойы сыртқы көші-қонның оң сальдосы байқалған.

2023 ЖЫЛ

2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 15,3% артты, ал сытрқа көшіп кеткендер саны 20,9% азайды. Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 47,6% өсті.