Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді клубтық футболға бизнес ретінде қарауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтты.
- Футбол клубтары жекеменшікке өтпей, іс алға баспайды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Клубтар жекеменшік болса, шетел спортшыларын шақыру құқығына ие болады. Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі. Соңғы жылдары мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады. Бірақ, бұл – жеткіліксіз.
Сондай-ақ бизнес өкілдері өскелең ұрпақты дене шынықтыруға және спортқа баулу ісіне зор үлес қоса алады деп ойлаймын, дейді Тоқаев.