Қарағандылық полицей оқу-жаттығу кезінде мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады.
- Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді.
Оқиға орнына менің орынбасарымның басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда, дейді Сәденов.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында полицей қылмыскерді ұстау кезінде қайтыс болды.
Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитов қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан.