×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

«Сен асырайсың ба»: әйел көп бала туу керек деген әншінің басы дауға қалды

14.03.2025, 22:55
«Сен асырайсың ба»: әйел көп бала туу керек деген әншінің басы дауға қалды
Әлеуметтік желіден

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіде бала тақырыбына қатысты ой айтамын деп басы дауға қалды. деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

“ҚАЗАҚҚА ТОЛТЫРУ КЕРЕК...”

“Жігіттер” квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек желідегі парақшасында қазіргі отбасылардағы бала санына қатысты ойын айтқан.

“Мына кең байтақ жерді қазаққа толтыру керек. Көп жастар отбасын құрып 2-3 баламен шектеліп қалып жатыр. Асыраудан қорқып, жағдайын жасап алсақ. осылардың өзін жеткізіп алсақ деп уақыттары өтіп кетіп жатыр,” – дейді Айдар Тұрғамбек. 

“КЕЙІН РАХАТЫН КӨРЕСІҢДЕР”

Осылай дей келе көбейіңдер деген сарындағы ақылын айтады. 

“Уайымдамай көбейіңдер, кейін рахатын көресіңдер. Әрбір отбасында кемінде 7-8 баладан болуы керек. Бұл маған да қатысты,” – дейді әнші. 

“СЕН АСЫРАЙСЫҢ БА?”

Алайда әншінің бұл сөзін жылы қабылдағандардан гөрі сынағандар көп секілді. 

“Сосын сен асырайсың ба?” – деп өткір жауап беріпті Жанна есімді желі қолданушысы. 

АҚТАҒАНДАР МЕН ДАТТАҒАНДАР

Тіпті әншіге ызаланып жауап бергендер де бар. 

“Өздері тумаған соң айта береді екен ғой. 8 бала туу оңай ма?”- депті Мөлдір есімді келіншек. 

Біреулер бұның шынында ақшаға келіп тірелетінін айтқан. 

“Қымбатшылық қысып тұрғана қайдағы 7-8 баланы айтып отырсың?”- дейді Абылайхан есімді оқырман. 

Бұған “әр баланың өз несібесі бар” деп жауап қайырып әншіні ақтауға тырысқандар да кездесті. 

“ЖІГІТТЕР” КВАРТЕТІ

"Жігіттер" квартеті — Қазақстандағы музыкалық топ. Топ 2003 жылы Шымкент қаласында құрылған. Топ мүшелері: Айдар Тұрғамбек, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. 2005 жылы топтың "Ерке қыз" атты алғашқы үнтаспасы жарық көрді. 2007 жылы "Бақытты бол" атты екінші ән жинағы шыққан."Жігіттер" квартеті халық әндері мен заманауи әндерді үйлестіріп, қазақ эстрадасының танымал тобына айналды. Топ қоржынында ондаған бейнебаян, 80-нен астам ән бар