×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Қосшының атауы өзгереді»: Әкімдік жауап берді

31.12.2021, 12:02
«Қосшының атауы өзгереді»: Әкімдік жауап берді
Фото: Ашық дереккөзден

Астанаға тиіп тұрған Қосшы қаласының атауы өзгеретіні жайлы әлеуметтік желіде әртүрлі ақпарат тарап жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл әңгіме фейсбуктегі қосшылықтар отыратын топтардың бірінде талқыланған. Олардың айтуынша, Қосшының атауын Бәйтерек деп өзгерту туралы бастаман көтерілген. Алайда бұл ұсынысты көп тұрғын қолдамаған.

«Халықтың ақшасын қаланың атауын өзгертуге жұмсаудың қажеті жоқ. Одан да маңызды мәселелер бар», - дейді кейбірі.

«Одан да маңызды мәселелер баршылық. Сонымен айналысу керек», - дейді екіншісі.

Алайда тұрғындардың сұрағына жергілікті әкімдік жауап берді.

«Қосшы қаласының әкімдігі ресми түрде қаланың атауын өзгерту жоспарланып отырмағанын және қаралып жатпағанын хабарлайды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.