×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Ақтөбеде қарғын су өткелді шайып, көлік қозғалысы тоқтады

Бүгін, 13:16
Ақтөбеде қарғын су өткелді шайып, көлік қозғалысы тоқтады
Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында қарғын су өткелді шайып, аудан орталығына көлік қатынасы үзілді, деп хабарлайды Ulysmedia diapazon.kz-ке сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Күннің күрт жылынуынан Ойыл ауылына топан су қаптады. Қарғын су жолай Ойыл өзенінің үстіндегі қираған көпірдің орнына салынған өткелді бұзып кетті. Ал көпір былтырғы су тасқыны кезінде қираған, содан бері әлі жөнделмеген.  

Еріген қар суымен Ойыл өзенінің деңгейі көтеріліп, уақытша өткелді шайып кетті. Автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды. Өзен жағасында полицейлер кезекшілік етеді. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлік қатынасы бір тәулік ішінде қайта жанданады, - деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.