×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

«Америка дауысы» радиостанциясы хабар таратуын тоқтатты

Бүгін, 09:15
«Америка дауысы» радиостанциясы хабар таратуын тоқтатты
iStock/demaerre

«Америка дауысы» радиостанциясы хабар таратуын тоқтатты, 1,3 мыңнан астам адам демалысқа кетті. Бұл туралы редакция директоры Майкл Абрамовиц LinkedIn әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ДӘЙЕКСӨЗ

Мен 83 жылда алғаш рет аңызға айналған «Американың дауысы» радиостанциясының үнсіз қалғанына қатты қапаланамын. Бүгін таңертең  бүкіл ұжымның – 1,3 мыңнан астам журналист, продюсер және көмекші қызметкерлердің бәрі әкімшілік демалысқа жіберілгенін білдім. Солардың ішінде мен де бармын, - деп жазды Абрамовиц.

Айта кетейік, «Америка дауысы», сондай-ақ «Азаттық радиосы» және «Азаттық Азия радиосы» ақпарат құралдарын қаржыландыруды осы медиалардың бас агенттігі саналатын USAGM тоқтатты. Бұйрықты президент Дональд Трамптың берді.

Бұған дейін АҚШ президенті бюрократиямен күресу үшін бірден бірнеше ведомствоның функцияларын барынша қысқарту туралы жарлыққа қол қойған. Тиісті құжат 14 наурызда Ақ үйдің сайтында жарияланды. Тізімде АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі үкіметтік агенттігі (USAGM) де бар. Трамп USAGM-ның редакциялық шешімдерін бұрын да сынға алған.