Германияның бес ірі қаласында IG Metall өнеркәсіптік секторының ірі кәсіподағы ұйымдастырған жаппай демонстрациялар өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың есебінше, акцияға 80 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Наразылық шаралары Ганновер, Кельн, Майндағы Франкфурт, Штутгарт және Лейпциг қалаларында өтті. Бұл соңғы онжылдықтағы ең ауқымды IG Metall акциясы болды, деп жазды кәсіподақ сайты.
Көшеге шыққан көпшілік елдің өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жаппай қысқартылуына қарсы болды. Олар кепілдендірілген жұмыс орындарын, саланы әділ қаржыландыруды, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды талап етті.
ЖҰМЫСШЫЛАР ТАЛАБЫ
IG Metall төрағасы Кристиане Баннер Ганновердегі митингіде сөйлеген сөзінде өнеркәсіп орындарының Германия экономикасында шешуші рөл атқаратынын айтты.
Өнеркәсіпсіз Германия – кедей ел. Біз оған жол бермейміз, - деді ол.
Сондай-ақ ол кәсіподақ жұмыс берушілерден жаппай жұмыстан шығару мен инвестициялардың жетіспеушілігін тоқтату үшін белсенді әрекет күтетінін айтты.
Біз жарқын болашақты, жаңа технологиялар мен жасыл индустрияны құра аламыз. Бұл біздің қолымыздан келеді және соны қалаймыз! – деді Кристиане Баннер.
НАРАЗЫЛЫҚ СЕБЕБІ
Бүгінде Германия экономикалық қиындықтарға тап болды. Оның ішінде:
знергия шығындары өсті;
кейбір өндірістер шетелге кетті;
өнеркәсіптік секторда туындаған инвестициялық дағдарыс.